Елордалық оқушы жасанды интеллект негізінде «Адал байланыс» жүйесін жасады

Ақтоты Жапатова 11 сент. 2025 17:50

Астанадағы №8 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Сүйіндік Медина жасанды интеллекті пайдаланып, «Адал байланыс» деп аталатын жаңа әлеуметтік жүйе жасап шығарды. Жоба мектеп оқушыларының пікірін ескеруге және ұсыныстарын дер кезінде мектеп әкімшілігіне жеткізуге мүмкіндік береді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа жүйе оқушылардың үнін ашық тыңдауға жағдай жасап қана қоймай, мектеп басшылығының назарын да аударды. Қазіргі таңда бастама тәжірибеден өтіп, лицей ішінде қолданысқа енгізілген.

«Адал байланыс» жүйесі арқылы білім алушылар өздерінің қиындықтарын жасырмай жеткізе алады. Сонымен бірге, жаңа идеяларын тікелей мектеп әкімшілігіне ұсынып, қажетті шешімдердің қабылдануына ықпал ете алады.

Жобаның авторы - Медина бұл бастама арқылы мектептегі цифрлық мәдениетті дамытуға және оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға үлес қосуды мақсат еткенін айтады.


Рекомендовать
Последние новости