Елордада ашық аспан астында кітапхана ұйымдастырылды

Dalanews 01 июн. 2021 11:01 950

Бүгін Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күні Қаламгерлер аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» акциясының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара аясында балалар жұмысының көрмесі мен кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев мұндай көрмелер жаз бойы ұйымдастырылатынын атап өтті.

– Балаларымызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, оқуда озаттық тілеймін және ата-аналарыңызды күнделікті қуантып жүріңіздер. Ал әкімдік атынан «Фолиант» баспасына, қаланың орталықтандырылған кітапханаларына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Кітап көрмелері жаздың соңына дейін өтеді. Сонымен қатар, демалыс күндері жазушылармен кездесулер өткізіледі, – деді Ерлан Жаулыбаев.

№8 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Жансая Мұхамедрахым өзімен бірге екінші сынып оқушыларын көрмеге ертіп келді. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралардың маңызы зор.

– Бүгінгі іс-шараға жазғы мектепте оқитын оқушыларымызбен келдік. Мереке күні балаларымыз сергіп, ой-өрісін кеңейтті. Мұндай көрмелер балалар үшін өте пайдалы деп ойлаймын. Бұл олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, балаларды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық және үлкен жетістік тілеймін, – деді ол.

Рекомендовать
Последние новости