Елордада 84 жас инспекторлар жол қауіпсіздігін насихаттайды

Dalanews 28 окт. 2019 10:26 1207

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментімен жол қозғалысы қауіпсіздігі мен балалардың жол-көлік жарақаттанушылығы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта тәртіп сақшыларына қала мектептерінде құрылған 84 жас инспекторлар отряды көмектеседі, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Балалар жол қозғалысы жарақаттарын алдын алудың ашық мысалы ретінде балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу, олардың бойына көлік мәдениетін тәрбиелеу, ұйымдастырушылық,  кіші және орта жастағы балалардың Жол жүру ережелерін оқып үйренуіне көмектесу және оларға көшелер мен жолдарда қауіпсіз дағдыландыру жұмыстарын жетілдіру мақсатында оқушылардың ерікті бірлестіктері жатады.

Бүгінгі таңда елорда аумағында 84-тен астам жас инспекторлар отряды бар. Олар полиция қызметкерлеріне түрлі алдын-алу акцияларын өткізуге көмек көрсетіп, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша рейдтік іс-шараларға қатысады.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласына ПД-мен ЖКО алдын-алу мақсатында «Елордада ЖКО тоқтат!», «Қауіпсіз жол», « Назар аударыңыз-балалар!», «Автобус», «Қауіпсіздік апталығы», «Жаяу жүргінші» сынды 30-дан астам жедел алдын алу іс-шаралары мен 15 ауқымды акцияларды өткен.  


Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан барлық жалпы білім беретін мекемелерде 15000-нан астам ақпараттық-үгіт инсталляцияларын, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша ақпараттық кестелер мен бейнероликтерді таратты.

ЖҚЕ ақпараттық танымдық және балалардың жол көлік жарақатының алдын-алу бойынша 12 мыңнан астам дәріс оқылды, оған 130000 мыңнан астам балалар мен 15 мыңнан астам ата-ана қатысты. Сонымен қатар, тұрақты негізде «Мектепке жол», «Жол белгілері», «Жаяу жүргіншілер өткелдері және көлік құралдарының аялдау орындары», «Жаяу жүргіншілердің міндеттері», «Бағдаршам сигналдары», «Реттеушінің қимылдары», «Біз-жолаушылар» тақырыптарына профилактикалық дәрістер өткізілді.

Рекомендовать
Последние новости