Елорда ШҚО ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жәрмеңкесі өтеді

Dalanews 24 сент. 2020 05:55 731

26-27 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан шатыры» сауда кешенінің жанында Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге ШҚО-ға қарасты 15 ауданы мен 2 қаласының еңбеккерлері қатысып, елорда тұрғындарына өздері өндірген өнімдерін тиімді бағада ұсынбақшы. Екі күнге созылатын жәрмеңкеде Шығыстың ауыл шаруашылығы еңбеккерлері 15 түрлі тауарды елорда тұрғындарына ұсынады. Осылайша шаруалар құны 224,4 млн теңге болатын 297 тонна өнім саудалауды жоспарлап отыр.

Тарқатып айтсақ, бұл жолы ШҚО-дан келген шаруалар 150 тонна картоп, 45 тонна бал, 40 тонна жылқы еті, 15 тонна сүт өнімдерін, 10 тонна өсімдік майын, 8 тонна қымыз, 5 тонна балық пен шұжықты, 1,5 тонна жарма және 20 тоннадан астам өзге де өнім түрлерін қала тұрғындарының назарына ұсынады. Арзан бағадағы ШҚО-да өндірілген өнімді алып қалыңыз!

Рекомендовать
Последние новости