Еліміздегі әрбір екінші ауыл шаруашылығы техникасы «ҚазАгроҚаржының» қолдауымен сатып алынған

Dalanews 30 мар. 2017 03:57 1129

Ағымдағы жылдың наурыз айының соңына «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі құрылымына енетін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на құны 11 млрд. теңгеден аса сомаға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 811 өтінім келіп түсті.

Бүгінгі таңда аграршылармен 2,4 млрд. теңгеге 299 бірлік техника сатып алуға қаржы лизингі шарттары жасалған. Сонымен қатар, 1,8 млрд. теңге сомасына 116 өтінім мақұлданды, қалғандары қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 28 желтоқсанда ауылшаруашылығы техникасы мен жабдықтардың лизингісіне арналған сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19%-дан 17,3%-ға төмендеген болатын.

Ең көп өтінім Шығыс Қазақстан (124) және Алматы (112) облыстарында, ал ең аз өтінім Ақмола (15) және Павлодар (17) облыстарының еншісінде.

2016 жылдың қортындысы бойынша, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 51,8 млрд. теңге сомасына 3 мың бірліктен аса техника сатып алуды қаржыландырды. Қазіргі уақытта Қазақстанға әкелінген ауыл шаруашылығы техникасының әрбір екіншісі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылай қолдауының арқасында сатып алынған.

 

«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости