Елімізде мұнай өндірісі көлемі қысқарды. Енді жанар-жағармай тапшылығы туындауы мүмкін бе?

Кәмшат Тілеухан 25 нояб. 2024 13:15 602

Биыл елімізде мұнай өндірісі көлемінің қысқаруына байланысты жанар-жағармай тапшылығы туындауы мүмкін бе? Мәжіліс депутаты Альберт Рау Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке осындай сұрақ қойды. Министр бұған "иә" деп жауап қатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Тапшылық па, иә, мұнай өнімдері бойынша туындайды деп жоспарланған. Бұл цифрлар индикативті баланстарда көрсетілген, яғни біз қуаттылықты арттырғанға дейінгі", - деді министр.

Оның айтуынша, жыл басынан бері өңделген мұнай көлемі 15,1 млн тоннаны құрады. 2024 жылы бұл көлем  17,9 млн тонна деңгейінде, 2032 жылға арналған жоспарда 28 млн тонна деңгейінде қалыптасады деп күтіледі.

"10 айда мұнай өнімдері өндірісі 11,1 млн тоннаны құрады. Жоспарлы болжам бойынша биылғы деңгей - 14,5 млн тонна, 2032 жылға қарай - 23,7 млн тонна. Оның ішінде бензин – 5,1-ден 8,2 млн тоннаға дейін, дизель отыны 5,2-ден 9,3 млн тоннаға дейін, авиа отын – 0,6-дан 1,5 млн тоннаға дейін арттыру көзделген", - деп сөзін толықтырды Алмасадам Сәтқалиев.

Мұнай өнімдері өндірісін одан әрі ұлғайту үшін Шымкент МӨЗ-де 2030 жылға қарай өндірістік қуаттылықты 2 есеге немесе 6-дан 12 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда. Зауыттың мұнаймен қамтамасыз ету үшін Атырау – Кеңқияқ, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту іске асырылатын болады.

Мұнай өнімдерін өндіруді одан әрі арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

"Павлодар МӨЗ-де 2026 жылға дейін қосымша 500 мың қысқы дизель отынын өндіру бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда. 1-ші кезеңде бұл мұнайды бастапқы өңдеу қуатын жылына 6 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жылына 8 млн тоннаға дейін мұнай өңдеу үшін Павлодар МӨЗ кеңейтудің 2-ші кезеңі басталады. Ағымдағы жылдың соңына дейін алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуші бойынша таңдау жоспарлануда. Атырау МӨЗ-де 2028 жылға дейін мұнайды қайта өңдеу қуатын жылына 5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға дейін ұлғайту есебінен ашық түсті мұнай өнімдерін өндіруді 66%-дан 77%-ға дейін ұлғайту бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда", - дейді министр.

Бұған дейін министр елімізде мұнай өндіру көлемі неге қысқарғанын түсіндірген болатын.


Рекомендовать
Последние новости