Еліміз бойынша сүттің 25%-ы СҚО-да өнідіріледі – Құмар Ақсақалов

Dalanews 31 окт. 2022 21:52 861

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Берёзовка ауылында салынған заманауи кешен 2 мыңға жуық асылтұқымды сүтті сиырға арналған. Жоба құны – 4 жарым млрд теңгені құрайды.

Енді шалғайдағы елдімекенде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болды. Өңірдегі ең ірі фермалардың бірінде жылына 9 мың тонна сүт өндірілетін болады.

Ауыл шаруашылығы кешені озық қондырғылармен жабдықталған. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 17 тауарлы сүт фермасы салынып жатыр.

– Республикадағы сүт өнімдерінің барлығын есептесек, 25%-ы бүгінгі таңда СҚО-ның еншісіне тиеді. 25%-і. Бұл аз емес. Біз бұны 30%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы биыл сүт көлемі 670 мың тоннаға дейін жетпек, – дейді облыс басшысы Құмар Ақсақалов.

Рекомендовать
Последние новости