2025 жылғы 28 қазандағы №629 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен шот-фактура жазу және оның нысанын бекіту туралы ережелер қабылданды, деп хабарлайды Dalanews.kz Uchet.kz-ке сілтеме жасап.
Негізгі ереже
Бұл құжат Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген. Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жаңартылған ережелердің басты мақсаты – электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (АЖ ЭШФ) қолданыстағы функционалды бекіту. Бұл жүйе тауарлардың айналымын, олардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ұлттық қадағалау жүйесін қалыптастыру жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған.
Сонымен қатар жаңа тәртіп:
тауар, жұмыс, қызмет сатуға және шетелдік тұлғалардан сатып алуға қатысты операциялардың ашықтығын арттырады;
құжат айналымын жеңілдетеді;
өңдеу мен сақтау шығындарын азайтады;
ҚҚС (қосылған құн салығы) мен корпоративтік табыс салығын есепке алу рәсімдерін жеңілдетеді.
АЖ ЭШФ қатысушыларының мәртебелері
Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (АЖ ЭШФ) тіркелген қатысушыларға келесі мәртебелер беріледі:
жеке тұлға;
жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға;
заңды тұлға (немесе оның құрылымдық бөлімшесі).
Заңды тұлғаның (немесе бөлімшенің) тіркелуі тек сол ұйымның басшысы арқылы жүзеге асырылады. Ол құрылтайшылардың шешімімен немесе ұйымның ішкі бұйрығымен тағайындалады.
Жеке тұлға ретінде тіркелген қатысушы ЭШФ жазбайды, егер ол ұйымның немесе кәсіпкердің уәкілетті өкілі не қызметкері болмаса.
Тіркеу биометриялық сәйкестендіру және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жасалады.
ЭШФ рәсімдеу операциялары
АЖ ЭШФ жүйесінде төмендегідей негізгі операциялар жүргізіледі:
ЭШФ жазу (нысанын толтыру);
ЭШФ растау (ЭЦҚ және биометрия арқылы);
ЭШФ жіберу (тексеруге және тіркеуге);
ЭШФ өңдеу және тіркеу (қателер болмаған жағдайда бірегей нөмір беріледі);
ЭШФ алу және қарау (жүк алушы тарапынан);
ЭШФ беру және қайтарып алу (қажет болған жағдайда);
ЭШФ импорттау және экспорттау (басқа есеп жүйелерімен интеграция).
ЭШФ-тың мүмкін мәртебелері
ЭШФ мынадай мәртебелерге ие болуы мүмкін:
«Биометриялық сәйкестендіруді күтіп тұр»
«Биометрия уақтылы өтпеген»
«Жойылған» немесе «Қате»
«Жеткізілген» және «Қаралмаған»
«Қайтарылған» немесе «Аннулирленген»
«Қаралған және расталған»
«Блокталған» (мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде).
ЭШФ құрылымы
ЭШФ келесі бөлімдерден тұрады:
жалпы бөлім;
жеткізуші мен алушының деректері;
банк деректемелері;
мемлекеттік мекеме туралы мәліметтер;
шарт (келісімшарт);
жүк жөнелтуші және жүк алушы туралы ақпарат;
тауарлар мен қызметтер туралы мәліметтер;
бірлескен қызметке қатысушылар туралы ақпарат;
сенім білдірілген тұлғалардың деректері;
қосымша мәліметтер мен ЭЦҚ туралы ақпарат.
ЭШФ-ты растау және биометриялық сәйкестендіру
ЭШФ заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің немесе уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен бекітіледі.
АЖ ЭШФ жүйесі қолтаңбаның жарамдылығын және иесінің деректерін тексереді.
Егер салық төлеуші тәуекел аймағына енсе, онда ЭШФ қосымша биометриялық деректермен расталуы тиіс. Бұл рәсім Салық кодексінің 209 және 492-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Биометриялық сәйкестендіру тәулігіне бір рет жүргізіледі. Егер рәсім сәтті өтсе, жүйе ЭШФ-қа тіркеу нөмірін береді.
Биометриядан өтпеген жағдайда ЭШФ жазу мүмкін емес.
Биометриялық сәйкестендіруден міндетті түрде үш рет өту қарастырылған. Осы межеден кейін жүйе пайдаланушыға биометриясыз ЭШФ рәсімдеуге мүмкіндік береді.
 
                         
                     
                                     
                                    