Электр бағаналары жаңартылуда

Dalanews 10 июл. 2021 13:58 1238

Келес ауданында жоғары кернеулі желі тіреулері мен электр бағаналары жаңартылуда. Жөндеу жұмыстарын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС есебінен жүргізуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің 2021 жылға жоспарлаған инвестициялық бағдарламасы Келес ауданында қарқынды жүріп жатыр. Аудан бойынша Біртілек ауылдық округінің Керегетас, Оразата елді мекендері, сондай-ақ Абай ауылындағы Арал мөлтек ауданындағы ескірген ағаш бағаналары темірбетон бағаналарымен алмастырылады. Сонымен қатар, кернеуі 0,4 киловольттық электр сымдары да жаңарады.

Қазіргі таңда мекеме қызметкерлері ұзындығы бойынша 4,3 шақырым жерге 132 электр бағанасын жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Жаңарту жұмыстары аяқталған соң 125 үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Қыркүйек айында Ораз ата ауылы көшелеріндегі ескірген электр бағаналары жаңасына ауыстырылады.

Рекомендовать
Последние новости