Түркістан мен Жамбыл облыстарын жалғайтын жол жөнделуде

Dalanews 14 июл. 2021 12:25 993

Түркістан облысының Созақ ауданы мен Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласын байланыстырып жатқан жалпы ұзындығы 24,6 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар (КХ-189  «КХ-2-Жаңатас») автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жұмыстарды Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Шымкентдорстрой» ӨК» мердігер мекемесі жүргізуде.

Бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес, жолдың жарамсыз жерлерінде асфальт жабынын бұзып, жол негізін қайта қалпына келтіру және екі қабат асфальт жабынын салу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, асфальт қабатының жарамды жерлерінде бір қабат асфальт жабынын салу жұмыстары қарастырылған.

Аталған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінгі таңға дейін, 24,6 шақырым жолдың 14 шақырымына ірі түйіршікті, 10,5 шақырымына майда түйіршікті асфальт жабыны төселген. 2020 жылы басталған жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталып, жолды толық пайдалануға беру жоспарлануда.

Айта кетерлігі, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылауға алынған.

Рекомендовать
Последние новости