Елдік мұрат – елдің еңсесін тіктейді

Dalanews 21 нояб. 2018 06:11 942

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» аты мақаласы – Еліміздің жаңа тарихи кезеңіндегі Қазақстанның жеті кереметінің символына айналады.

Кеңістік пен уақыт қарым-қатынасынның тағы бір маңызды қасиетін ашып берді. «Кеңістік» ұғымының түп-төркініне үңілсек, ол тоқтаусыз құбылыс және шексіздік деген мағына береді. Кеңістік – қандай да бір тарихи оқиға мен тарихи үрдістердің белгілі бір уақыт пен ортада өткені. Сондықтан, кеңістік уақытпен тығыз байланысты.

Дамудың жаңа сатыны – мемлекетіміздің парасатты әрі заман үдірісіндегі бай тәжірибесінің негізінде жүргізілуде. Қазақстан аз уақыттың ішінде әлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы көшіне қосыла білді. Бір тұтас бола білу ұлттар мен ұлыстардың татулығында. Халық тұтастығының біріктіруші күші болуға қабілеттілігін таныту.

Халық тұтастығы мемлекет өміршеңдігінің кепілі екені белгілі. Ал тұтастықтың түп-тамырында тарихи сана жататыны айтпасақ та түсінікті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» аты мақаласында Қазақ халқының тарихының өзегі тым тереңде жатқанын барынша айқындап көрсетіп берді. Демек Қазақ халқының тұтастығы мәңгі жасайтынын байқауға болады. Өйткені терең тарихи санамен шендескен елдік мұратымыз өз бастау қайнарларынан қуат алып, елімізді алға жетелей беретіні сөзсіз.

Қоғамдық сана құндылығын сақтап қалу бүгінгінің қолында. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі ендеше Еліміздің болашағы үшін бірлесеп атқаруымыз қажет.

Әсел Баймаханова, Ордабасы аудандық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Рекомендовать
Последние новости