Елбасы мақаласы халыққа қайрат пен жігер береді

Dalanews 22 нояб. 2018 09:55 827

Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы уақыт талабына сай, еліміздің саяси,мəдени, рухани өмірінде дамудың нақты бағыт-бағдарын айқындап берген құнды пікірмен ерекшеленеді.

Менің ойымша, мақалада көтерілген ұлтымыздың тарихы мен мəдениетіне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар еліміздің əрбір азаматтарына қайрат пен жігер беріп, болашақтағы жаңа ізденістер мен жаңа бастамаларға жол ашты.

Бұл мақала халықты елең еткізген дүниенің бірі болды. Бұған дейінгі еліміздің тарихына сіңірген халықтардың ерен еңбектерін басып айта отырып, біздерге терең ой салды. Менің Елбасы мақаласын оқып рухым көтеріліп қалды. Себебі бұл мақала тұнып тұрған ойлар мен тарихи деректер еліміздің ендігі қадамының нық басылуына үлкен себепкер болатынына мол сеніммен қараймын.

Осы жеті кереметтің біздің тарихта аталуының өзі қаншама өткелдің нəтижесі екенін ендігі ұрпақ біліп, түсінері анық. Елбасының əрбір сөзі біздер үшін маңызды əрі құнды. Бұл мақала көптен бері көкейде жүрген қазақтың тарихы, шыққан тегі, жалпы қазақ халқы кім болған деген сұраққа нақты жауап болды. Біздің халқымыздың тарихының тамыры тереңде жатқанының жəне оған жете назар аудару керектігіне нақты тоқталып өткендіктен бұл мақала- əрбір жас ұрпақты тəрбиелеуде сондай-ақ дұрыс бағыт- бағдар беруде маңызы зор деп білемін. Мен қазақтың азаматы ретінде "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын оқи отырып кеудемді бір мақтаныш кернеді.

Шынымен əлем халықтары көз тіккен, қызыға қарайтын дүниелердің барлығы біздің ұлы даламызда тұнып тұр екен.Еліміздің осы жеті кереметін басқа ұлт өкілдеріне таныта алсақ нұр үстіне нұр болары анық.

Сол себепті рухани жаңғыруда біз ұлттық болмысымызды ұмытпай əлемге өзімізді таныту жолында бірлесе жұмыс жасауымыз керек.

 

Сағынбек АСЫЛБЕКОВ, Түркістан облысы кәсіподақтар ұйымның жетекшісі.

Рекомендовать
Последние новости