ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!

Dalanews 31 авг. 2017 17:08 1213

Бүгін Елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында жалпы жұртшылыққа арналған «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты облыстың өнер шеберлерінің гала-концерті өтті.



Гала-концерттің ашылу салтанатында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев барша астаналықтар мен қонақтарды Конституция күнімен құттықтады.



Оңтүстік өнерпаздарының концертіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Досаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова,  Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Сыртқы істер министрі Қ.Абдрахманов, Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев,  Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары мен Қазақстандағы шетел елшілері және қоғам қоғам қайраткерлері қатысып, бүгінгі кештің мәртебелі меймандары болды.

Өңірдің өзіндік келбеті мен ерекшелігін, мәдени, рухани байлығы мен тарихи ізгі қадамдарын жұртшылыққа насихаттау мақсатындағы айтулы шараға облыстың 1000-ға жуық мәдениет және өнер шеберлері қатысты.



Өнер көшінің алғы баспалдағы жергілікті өнерпаздардың гала-концертімен басталып, Астанадағы мәдениет күндерінің шымылдығы түрілді. Киелі, тарихи мекенге бай күнгей өлкенің шарасы «Қазына», «Шамсинур», «Тұмар», «Шаттық» би ансамбльдері мен балет тобы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілерінің қатысуымен «Тіршіліктің бастауы - Қазығұрт» сазды-хореографиялық композициясынан бастау алды.



Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, Отан-ана мен сарабдал саясатты елдің асқақ өмірін насихаттауға мақсатында дүниеге келген Н.Бейсеқожаевтың «Нұрлы жол» күйі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, облыстық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Х-бэнд» эстрадалық джаз ансамблінің орындауымен паш етілсе, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен құралған поппури де өнер сүйер көрерменге жол тартты. Халық әндері мен дәстүрлі әндер және сопранолар мен тенорлардың шеруі республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанған өнер дүлділдерінің орындауымен Б.Сердалының «Түркістаным – Тұраным» әні мен «Қазына» би ансамблі «Дала даналығы» биі рухты көтеріп, жігерді оятар леппен орындалды.



Гала-концерт барысында Оңтүстік өңірінің тумасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері әнші Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі – Астана» әні аясында «Шамсинұр», «Шаттық» би ансамбльдері өзіндік өнердің үлгісін паш етті. Шара соңы «Мәңгілік ел үшін» сазды-әуенді композициясымен қорытындыланды.

Бұдан бөлек, 600 жас домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап, домбыраның күмбірлеген үні көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости