Егемберді Ерғали ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы салалық министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Егемберді Ерғали Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған, саяси ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1998 жылы Қаржы министрлігінің жүйесінде Астана қаласы Қаржы департаментінің бас маманы болып бастаған. Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, елордадағы "Сарыарқа" ауданының әкімі, сонымен қатар ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған.
Соңғы екі жыл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарған.