ЕАЭО экономикасы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 4,1% өсімді қамтиды – ЕЭК

Кәмшат Тілеухан 24 дек. 2024 10:46 330

2024 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) барлық елдерінде жалпы ішкі өнім өсімі тіркелді. Бұл көрсеткіш Арменияда - 6%, Беларусь елінде - 4,5%, Қазақстанда - 4,1%, Қырғыз елінде - 8,4%, РФ-да- 4,2%, деп жазады Dalanews.kz.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметі хабарлайды.

2024 жылғы тоғыз ай ішінде ЕАЭО-ның ЖІӨ өсімінің қарқыны 4,2%-ды құрады.

"Одақтың барлық елдеріндегі экономикалық өсімнің негізгі көздері көтерме және бөлшек сауда, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы болып табылады. Арменияда экономиканың жоғары өсімі қарқынына жылжымайтын мүлік саласы, Беларусь пен Қазақстанда - ауыл шаруашылығы, Қырғызстан мен Ресейде - қаржы және сақтандыру қызметі ықпал етті", делінген ЕЭК хабарламасында.

ЕЭК 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО ЖІӨ-нің өсімі 4,1%-ды қамтиды деп күтеді. 

 

 


Рекомендовать
Последние новости