Алматы облысы. Ауыл халқын алдаған алаяқ қолға түсті

Жарбол Кентұлы 26 нояб. 2024 14:58 326

Қарасай ауданында полиция қызметкерлері Қарасай ауданы Көкөзек ауылының тұрғындарын алдаған алаяқтық схеманы ашты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғи газды қосуға көмектесуге уәде берген ер адам азаматтардың сеніміне кіріп ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.

Аудандық полицияның мәліметінше, қаскүнем пысықталған схема бойынша әрекет жасаған: ауыл тұрғындарын газды қосу процесін жылдамдату мүмкіндігіне сендіріп және алдын ала төлемді талап еткен. Алдын ала төлем алғаннан кейін ол із-түзсіз жоғалып кетеді. Ауыл тұрғындарына алаяқпен келтірілген  шығынның жалпы соммасы шамамен жарты миллион теңгені құрады.

– Алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істер тіркелді. Тергеу барысында алаяқтықтың үш эпизоды анықталды, алайда зардап шеккендер көп болуы мүмкін. Біз күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастырамыз, – деп хабарлады полиция.

Алаяқтардың қулықтарына түсіп қалмас үшін құқық қорғау органдары азаматтарды қарапайым ережелерді ұстануға шақырады: қызметтерді ұсынатын адамдардың құжаттары мен өкілеттіктерін тексеру, ресми келісімшарттарсыз бейтаныс адамдарға ақша бермеу және күдікті адамдар туралы полицияға дереу хабарлау. Сіздің қаражатыңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз!

 


Рекомендовать
Последние новости