Димаш Қытайдағы танымал журналға сұхбат берді

Dalanews 19 мая 2017 13:50 857

Димаш Құдайберген Қытайда танымал “Easy” журналына сұхбат беріп, басылымның мұқабасына шықты. Сұхбат үзіндісін Димаштың жанкүйерлері орысшаға аударып, желідегі фан-парақшалардың бірінде жариялады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

 

EASY-дің Димаштан алған жауаптары:

— Әдетте үйден шығарда өзіңмен не ала шығасың?

— Кілт.

— Соңғы уақытта мазалап жүрген нәрсе бар ма?

— Аса ештеңе мазалап жүрген жоқ.

— Ұйқыдан ояну үшін саған оятқыш керек пе?

— Ұйқыдан тұруға көмектесетін адам керек.

— Ерекше әсер қалдырған сыйлық қандай?

— Жанкүйерден келген әр сыйлық.

— Сенің сүйікті тіркесің?

— Барлық сөздер.

— Соңғы рет қандай ән тыңдадың?

— Michael Jackson – Beat It.

— Әдетте ұйықтар алдында не істейсің?

— Өзімнің қауіпсіздігім үшін дұға етемін.

— Денеңнің қай бөлігі өзіңе қатты ұнайды?

— Бұл сұрақты өзіме қойғандарыңыз ыңғайсыздау екен, айтпаймын.

— Бала күнгі арманың қандай еді?

— Танымал әнші болу.

— Бізге көрсетпеген тағы қандай таланттарың бар?

— Көп………ха-ха-ха, қалжыңдаймын. Болашақта бәрін өздеріңіз білетін боласыздар.

 

 

Рекомендовать
Последние новости