Дикий Арманның сыбайласы Дубайда ұсталды

Сағыныш Сардарова 11 июл. 2025 09:51

Қылмыстық топ басшысы Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің қолдауымен Дубайдан А.Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласын қайтарды.

"Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандасы құрамында жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқан деген күдікке ілінді. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған, шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейін Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған. Күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Еске салайық, 2025 жылы қаңтарда Алматыда Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды.

 


Рекомендовать
Последние новости