Думан Рамазан, жазушы, журналист: "Сақтансаң сақтайды" дейді

Dalanews 30 мая 2022 14:57 1025

«Қаңтар қырғынын» сөз жоқ, билікті басып алуға тырысқан мүдделі топтар ұйымдастырды. Олар  нақты мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылды.

Бұған қару-жарақ дүкендерінің тоналуы, елде хаос тудыруды әдейі көздеген топтардың полиция ғимараттарына, қалалық әкімдіктерге, әуежайға, телеарналардың ғимаратына шабуыл жасауы нақты дәлел десек болады.

Мемлекет пен қоғамға қарсы ұйымдасқан топ болмаса, қарапайым адамға мұндай қанқұйлы әрекеттің ешқандай қажеті жоқ екені айдан анық еді.

Соның салдарынан әлеуметтік мәселелерді талап етіп, көшеге шыққан кейбір жазықсыз жандар құрбан болып кетті. Мұны айтудың өзі сұмдық. Еске түсірудің өзі де ауыр.

Бірақ біз бұдан толыққанды сабақ алуымыз керек.

Кей әрекеттер көзбояушылыққа ұласты. Басты қылмыскерлер тайраңдап жүруі мүмкін. Сондықтан сақтанған жөн. Әлі де билікке ықпалы күштілері бар. Қолдарында қаржы да жетерлік. Егер билік оларды ауыздықтауға кіріспесе, талай қойылымдарға куә болатын сияқтымыз.

Олар ендігі кезекте билік үшін талас-тартыстар болғанын қалайды. Ал айналып келгенде, қарапайым халық зардап шегіп қалуы мүмкін.

Оның салдары ауыр болады. Бәлкім, сол кезде сабақ алармыз. Әйтпесе билікке келуге мүдделі басқа топтардың жолын кесу бағытында түпкілікті, толыққанды шаруаларды байқай алмай жүрмін. Дегенмен осы іске кіріскеніміз абзал.

Рекомендовать
Последние новости