Досым Сәтпаев: "Одан өзге жол жоқ"

Dalanews 22 апр. 2019 14:51 959


Украинаның жаңа әрі жас президенті бар. Ол шынайы, әділ, бәсекелі сайлауда жеңіп шықты.




Бізде жастарды президенттікке ұсынбайды. Жастардың азаматтық позициясын ескі әдіс, ескі әдетке сап таптап, тұншықтырып, тежегенді жөн көреді.




[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]
Бұл жағдай жаһанға жар салған "Жастар жылында" орын алып отыр. Күлейін бе, жылайын ба?


[/perfectpullquote]





Оларды жастардың, өсер ұрпақтың ертеңгі өмірі толғандырмайды. Тым құрығанда жастардың талап-тілегіне құлақ аспайды жоғарғы жақ...

Олардың ойы әзіргі саяси status quo-ның ғұмырын барынша ұзарту ғана.




Ертең "Нұр Отанның" съезінде президентікке лайықты жаңа, жас үміткердің орнына бізге ескі биліктің өкілін "таныстыруға" тырысады.


Алайда жүйенің іргесі әлдеқашан сөгілген. Ескіше билік құру ендігі жерде  еш мүмкін емес, өйткені заман өзгеріп кетті.




Адам өзгеруде, буын алмасуда, арақатынастың жаңа түрлері пайда болуда. Жаңа көзқарас, жаңа ой ескі таптаурын түсінікті ығыстырып шығаруда.


Ел ескіден күдер үзіп, өмірін, ортасын өзгеруге талпынуда.






Өзімнің "Деформация вертикали" дейтін кітабымда: "Қазіргі мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі өзгертуден өзге жол жоқ", - дегенмін.






Саяси жүйелердің көпшілігі көнерген компьютерлер секілді үлкен ауқымды ақпаратты қорытуға қауқары да, қабілеті де жетпейді. Мұндайда толық апргейд керек болады немесе ескі компьютерді заманауи жаңа модельге алмастыру қажет".




Аударған, Думан БЫҚАЙ 

Рекомендовать
Последние новости