Доллар мен еуро бағамы "тізгінді босатты", ал теңге құнсыздануда

Кәмшат Тілеухан 13 июн. 2025 16:38

Бүгін геосаяси ахуал қиындап, Израильдің Иранға әуеден жасаған шабуылы аясында мұнай бағамы шарықтап шыға келді. Сондай-ақ әлемдік қор нарығындағы бағалар да құбыла жөнелді. Әрине, бұл өз кезегінде Қазақстандағы ақша бағамына да әсер етіп үлгерді. Қазақстан қор биржасындағы соңғы мәліметтерге сәйкес, бір күн бұрынғы ресми бағаммен салыстырғанда 1 АҚШ доллары 4 теңгеге жуық қымбаттап, 511,77 теңге болса, ал евро құны 12 теңгеге бір-ақ көтерілген: 580,82 теңгеден 593,19 теңгеге дейін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сонымен бүгінгі 2025 жылдың 13 маусымында ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ресми бағам:

  • 1 АҚШ доллары (USD): 511,77 теңге.
  • 1 еуро (EUR): 593,19 теңге.
  • 1 Ресей рублі (RUB):  6,41 теңге.

Ал еліміздегі ақша айырбас орындарындағы баға төмендегідей (сатып алу мен сату ақша айырбасы тарапынан көрсетілген):

Астана

  • 1 АҚШ доллары: сатып алу - 508 теңге, сату - 514 теңге;
  • 1 еуро: сатып алу - 583 теңге, сату - 593 теңге;
  • 1 Ресей рублі: сатып алу - 6,32 теңге, сату - 6,47 теңге.

Алматы

  • 1 АҚШ доллары: сатып алу - 511,2 теңге, сату - 513 теңге;
  • 1 еуро: сатып алу - 587 теңге, сату - 592 теңге;
  • 1 Ресей рублі: сатып алу - 6,34 теңге, сату - 6,46 теңге.

Шымкент

1 АҚШ доллары: сатып алу - 510 теңге, сату - 513 теңге;

1 еуро: сатып алу - 586 теңге, сату - 591 теңге;

1 Ресей рублі: сатып алу - 6,35 теңге, сату - 6,40 теңге.

Бұған дейін сайтымызда "Маусым айындағы инфляция, доллар бағамы, базалық мөлшерлеме: сарапшылар болжамы қандай" деген материал жарияланған болатын.


Рекомендовать
Последние новости