Депутаттар iKOMEK109 қалалық орталығы қызметінің жұмысымен танысты

Dalanews 24 окт. 2019 04:02 806

Нұр-Сұлтан қаласындағы мәслихат депутаттары алғаш рет iKOMEK109 қалалық орталығын келіп, жұмысымен танысты.

«Нұр-Сұлтан қаласында фото-бейнетіркеу және бейнеталдау аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану, Нұр-Сұлтан қаласында балабақшалар салу және пайдалануға беру жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы туралы» мәселесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдалымдары аясында қалалық мәслихат депутаттары iKOMEK109 қалалық орталығы қызметімен танысты.

iKOMEK109 қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова депутаттарға коммуналдық кәсіпорындардың, медициналық ұйымдар мен әкімдік басқармаларының барлық байланыс орталықтарын біріктіретін және қала тұрғындарымен байланысатын жалғыз торап болып табылатын iKOMEK109 – тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының жұмысы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, депутаттар елорда қауіпсіздігі мен тіршілігін қамтамасыз етуге тәулік бойы мониторинг жасау үшін қалада енгізілетін қалалық бейнебақылау камералары интеграцияланған iKOMEK жағдаяттық мониторинг орталығының жұмысын қарады.

Мұнан басқа, кездесу барысында депутаттар «елорданың цифрлық технологиялары»: BIG DATA қағидаларымен жұмыс жасайтын талдау платформасымен, Қаланы басқару панелімен, қаладағы жағдаятқа мониторинг жасауға арналған мобильді қосымшамен танысты.

Атап айтуымыз керек, мәслихат депутаттары iKOMEK қалалық мониторинг орталығын құру тәжірибесін жоғары бағалады және iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына өздері жүгінген жайттармен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері iKOMEK109 қалалық орталығы 1 290 000-нан астам өтінішті қабылдап, атқарды. Бүгінгі таңда тұрғындар өтініштерінің 80% бірінші қоңыраудан-ақ шешіледі және бұл көрсеткішті 85%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Рекомендовать
Последние новости