Депутат Олейник: "Полицейлер? Оларға жаным ашиды"

Dalanews 14 мар. 2020 04:52 958

12 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәжіліске бейбіт митинг туралы заң жобасын әкелді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Талқылау кезінде бірнеше депутат полиция мен арнайы жасаққа қатысты ұсыныс айтты.

Полицейлер мен прокурорларды қолдаған депутат Василий Олейник митинг кезінде орган өкілдерінің абыройына нұқсан келіп жатыр деп санайды.

- Біз бейбіт митингінің қоғамдық тәртіпті бұзуға ұласып жатқанын көріп жүрміз. Facebook желісінен көріп, кейде ренжимін, байғұс қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицейлер.

Оларды арандатады, масқаралайды. Оларға да көмек көрсететін кез келді.


Прокурор шығып заңды түсіндірсе, оны да масқаралайды,- деді ол.

Рекомендовать
Последние новости