Декларациялаудан босатылмаған 10% деген кімдер?

Кәмшат Тілеухан 19 нояб. 2024 11:34 883

Айта кетсек, бүгінгі Үкімет жиынында Премьер-министр Олжас Бектенов қаржы министрінің декларациялаудың төртінші кезеңінде қамтылатын жеке тұлғалардың 90%-ын декларациялаудан босату туралы ұсынысын қолдады. Ал бұл 8 миллионға жуық адам декларация тапсырудан босатылады деген сөз. Ал қалған 10% деген кімдер? Бұл сауал жауабын Dalanews.kz сайтынан оқып-біле отырыңыздар.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, декларациялау мына санаттағы тұлғалар үшін өз күшін сақтайды:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар,
  • бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК (2024 жылы 1 АЕК - 3692, демек 738 400 000 теңгеден) астам сомаға сатып алулар жасаған,
  • салық төлеп, өз бетінше табыс тапқандар

"Бұдан басқа, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы беріледі", — деп атап өтті бүгінгі жиында Қаржы министрі.

Құзырлы ведомство мәліметінше, жалпы жүйеде 4,8 млн қазақстандық тіркелген. 2024 жылы декларация ұсынбаған немесе салық кезеңін ұсынбаған не қате көрсеткен азаматтар 281 мың хабарлама алды. Олардың бестен бір бөлігі орындалды.

Айта кетсек, 14 қарашада Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың III және IV кезеңдерінің күшін жою туралы петиция жарияланды. Онда табысының жартысынан көбі тек ішер асына кететін қара халықты бос әуреге салмай, декларациялаудан босату сұралған еді.


Рекомендовать
Последние новости