«Дауыс International» тобы осыдан 14 жыл бұрын қандай болды?

Dalanews 03 авг. 2016 03:02 2872

Әсел Сәдуақасова Дауыс International тобының ең алғашқы суретін көрсетті. Аталған сурет осыдан 14 жыл бұрын түсірілген екен.

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Қыздар тобы 2002 жылдың сәуір айында Star Club-та өткен қатаң іріктеуден кейін құрылған болатын. Ал кастингке келген қыздарға міндетті түрде қазақ тілін жетік меңгеру, вокал, хареография, сұлулық сынды талаптар қойылған.

Әділ қазы алқалары ұзақ ойлана келе Жүргенов академиясының бірінші курс студенті Асыл Беделханды, ҚазҰУ биология факультетінің студенті Әсел, оқушы Әсел Сәдуақасова және Алматы халық шаруашылығы институтының түлегі Рано Омарованы алады. Топтың “Қарлығаш”, “Аңсағаным”, “Мұңайма”, “Махаббат”, “Ақ желкен”, “Алматым” сынды танымал әндері бар.

– Бұл біздің алғашқы суретіміз. Кеше көріп отырып күлкіге қарық болдым. Жас болсақ та, суретке үлкендер секілді түскен екенбіз. Мен небәрі 17 жастамын. Гүлдер де ерекше жайқалып тұр екен, – дейді Әсел Сәдуақасова.

Бұл суретті көріп әншінің өзі ғана емес, желі қолданушылары да күлкіге қарық болды. “Құдды қуыршақ секілдісіңдер ғой”, “Өзге қыздар қазір көрінбей кетті”, “Үшінші қыз жоқ болып кетті”, “Ойбай, не деген сурет мынау”, “Мына жақта күлкіге қарық болып жатырмыз”, “Иә, қазір 17 жастағылар әлдеқайда үлкен көрінеді ғой”, “Жас әрі сымбатты болған екенсіңдер” дейді желі қолданушылары.

 

Рекомендовать
Последние новости