«Дауға нүкте қойылды». Кәсіпкер халықпен өз табысын бөлісетін болды

Dalanews 04 мар. 2020 09:52 941

Редакциядан: Осыдан бірнеше күн бұрын қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Қызылорда облысындағы Нағи Илиясов ауылындағы жайылымдық жер мәселесін көтерген болатын. Бүгін Мұхтар Тайжан Фейсбуктағы парақшасында Нағи Илиясов ауылындағы жерлерді пайдаланып келген Абзал Ералиев пен Берік Оспановтармен кеңесіп, халықтың мүддесі үшін ортақ келісімге келгенін жария етті. Оның айтуынша, жергілікті азаматтар ауыл халқының әлемуттік жағдайын жақсарту жолында біраз міндеттемелерді мойнына алыпты. Енді соған назар аударсаңыздар.



  1. Абзал Ералиев мырзаның компаниялары жыл сайын ауылдағы малы бар отбасыларға 150-200 түк шөпты тегін беретін болды.

  2. Алдағы қыстан бастап ауылдағы әр отбасына 2 тонна көмірді тегін түсіреді. Бұл нақты көмек деп санаймын.

  3. Ауылға газ жеткен кезде сол газды әр үйге тарту үшін техникамен тегін көмек көрсетеді.

  4. Жайылым жерлерін 1 маусымнан бастап жабуға олар мәжбүр, себебі мал күріштің алқаптарын кірсе өнім шықпай қалады. Бірақ 10 қыркүйектен бастап жайылымдар ашуға уәдесін берді.

  5. 2016 жылы конкурс арқылы жер пайдалану құқықтары бойынша сатып алған 240 гектар жайылымдарды олар жыртып алған соң ауылға қайтара алмайды.

  6. Ауылдың адамдарына билік-орган тарапынан қудалау тоқтатылады, біз бұны Абзал Ералиев мырзамен екеуіміз бақылауға аламыз деп келістік.

  7. Жұмысқа алған кезде жергілікті халыққа баса мән беріледі.

  8. Бұдан бұрын ауылға көрсеткен (115 млн теңгеге, аз емес) әлеуметтік көмегін – балаларға тегін спорт секция, ағылшын тілін үйрету сынды көмектерін Абзал Ералиев тоқтатпайды.

  9. Бұл ауылдың жер дауы қалай, неден шықты, толығымен заң сараптаманы жасатамыз деп келістік, нәтижелерін жариялаймыз.

  10. Бұдан былай жергілікті белсенділерімен Абзал Ералиев мырза тығыз жұмыс жасауға дайын. Менің ұсынысым – Ауылдың кеңесі немесе Бақылау кеңес – сондай бірдеме ашып, соған тек өзіне жақын адамдарды емес, шынайы белсенділерді қосып бірге ақылдасып жұмыс істеу керек.


Өз басым бұл ауылға тек жақсылықты тілеймін. Ауылға келіп, ірткі салып, дау-дамайды қоздырды деген жалған сөз. Мен жергілікті халық өздері шақырған соң ғана бардым. Олар маған ұшаққа билет сатып алып, қонақ үйге бөлме жалдап, ет асып шықырды. Ауылда 2 мың адам тұрса (балалармен бірге санағанда) хатқа 500-жүзден астам адам қол қойғанын көрдіңіздер ғой.

Абзал Ералиев мырза сөз жоқ іскер адам, бұдан бұрын ауылға көрсеткен көмегін жоққа шығармаймын. Бірақта іскер адам жергілікті халықпен өз табысымен бөлісу керек. Өйткені ауылдың тұрғындары жайылымнан айырлып, жұмыссыз қалса не істейді? Қалада дайын жұмыс күтіп тұрған жоқ қой.


– Негізі жер, пай мәселесі бір ауылдағы проблемасы емес, ол жалпы республикаға тән мәселе. Бұл жерде заң немесе сот арқылы дауды шеше алмаймыз. Бұрынғы заң шикі болған соң ауылдағы жұрт өз жер пайларынан айырылып қалды. Сондықтан бұл жерде республика бойынша саяси шешім қабылдану қажет. Мен бұл тақырыпты президенттің алдында көтерем, бірақ маған халықтың қолдау керек болады, – деп Мұхтар Тайжан ойын түйіндепті.

Рекомендовать
Последние новости