Дариға Бадықова “Моана” мультфильміне барған қазақстандықтарды сынға алды

Қаракөз Амантай 02 дек. 2024 13:30 1458

Белгілі актриса, продюсер әрі әнші Дариға Бадықова жақында көрерменге жол тартқан голливудтық “Моана” мультфильміне барған қазақстандықтарды сынға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетейік, аталған туындымен қатар өнер иесінің “Таптым-ау сені” фильмінің жалғасы жарыққа шыққан еді. Осы тұста ол халықтан өзге емес, өз елінің туындыларына қолдау білдіруін сұрады.

“Моанаға" барып "позор" болмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын, 27 қарашада “Моанаға” барған қазақтар болды. Алайда оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса,  қазақ байысын. Ештеңе жоқ”, – деді актриса. 

Еске салайық, былтыр өнер иесі "Таптым-ау сені" фильмін 108 млн теңгеге түсірген болатын. Ал туындының табысы миллиард теңгеге жуық касса жинады.

Продюсер ретінде алғашқы тәжірибесін бастаған Бадықова аталған туындысының саундтрегін өзі орындаған болатын.


Рекомендовать
Последние новости