Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанда Президент тапсырмалары қалай орындалап жатқынана талдау жасады

Dalanews 21 сент. 2021 06:16 680

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында бірқатар бастама көтеріліп, жаңа бағыттар айқындалғаны белгілі. Енді сол міндеттерді іске асыру жолдары, бағыт-бағдары таңдалуы тиіс.

Шығыс Қазақстан облысында Президент тапсырмаларын орындау үшін жүйелі жоспар жасалып жатыр. Өңір әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, балалар спорты дамытылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артып, IT мамандықтар бойынша грант саны

Балалар спорты –  басты назарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылау мақсатында облыс әкімдігінде жиналыс өтті. Жиында Мемлекет басшысының бастамалары талқыға салынып, тапсырмалардың іске асырылу барысы сөз етілді.

– Жолдауда балалар спортын дамыту жөнінде айтылған. Осы бағытта өңірде 2025 жылға дейін жалпы білім беретін мектептерде қосымша 3213 спорт секциясы ашылады. Биыл 22 мың баланы қамтитын 1268 секция өз жұмысын бастамақ, – деді облыс әкімі Даниал Ахметовөз өз сөзінде.


Сондай-ақ өңірде спорт секцияларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік тапсырыс жүйесін енгізудің арқасында балаларды тарту бірнеше есеге артады. Қазірде балалар мен жасөспірімдердің 109 мыңы немесе жалпы санының 56,4%-ы спортпен тегін айналысуға мүмкіндік алған.

Өткен жылы олардың саны 85 мың болған еді. Аймақ басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстанда үш ірі май экстракциялау зауыты бой көтермек. Соның нәтижесінде, 1 миллион тоннаға дейін майлы дақылдар өңделетін болады.

– Облыста ауыл шаруашылығы саласына ерекше назар аударылған. Негізгі міндеттердің бірі – жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту. Инвестициялық жобалардың арқасында 2025 жылға қарай осы мақсаттағы егіс алқабы 28 мың гектарға ұлғайтылады. Ең алдымен экспортқа арналған өнім көлемін арттыру көзделіп отыр. Жоспар бойынша алдағы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4 есеге өседі. Сондықтан өнімділікті, жайылым алқаптарын көбейтуді, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және өндірістерді жаңғырту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ ветеринария саласын дамытудың да кешенді жоспарын әзірлеу қажет, – деді Даниал Ахметов.

Мемлекет тілге ерекше көңіл бөлінеді Президент Жолдауында қазақ тілін насихаттап, елдің мәдени-тарихи мұрасын зерделеп және тиімді пайдалану қажеттігін айтқан. Осы орайда Шығыс Қазақстанда өзге ұлттарға қазақ тілін үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.

– Бұл мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйлері, «Возрождение» тіл мектебі, лингвистикалық кабинеттер жан-жақты жұмыс жүргізуде. Облыста «Ситуациялық қазақ тілі» жобасы іске асырылуда. Бұл ауызекі тілді үйренудің ең қарапайым және тиімді тәсілі болып отыр. Археологиялық зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Осының арқасында белгілі археологтар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев сенсациялық ашулар жасауда. Бірегей артефактілеріміз бен археологиялық олжаларымызды халықаралық деңгейге шығаруға дайынбыз. Осы жылдың 28 қыркүйегінен бастап 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін «Ұлы дала алтыны» көрмесі Ұлыбританиядағы Кембридж университетіне қойылатын болады. Бұл Қазақстанның тарихи мұрасын ілгерілетудегі маңызды қадам, – деді ШҚО әкімі.

Сонымен қатар 3 томдық «Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуірі» және «Қазақстан тарихы» монографияларын басып шығаруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жолдауда айтылған бастамалардың бірі – 2022-2025 жылдар аралығында бюджет саласының кейбір қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 20 пайызға арттыру.

– Бұл шешім 42 мыңға жуық жерлесімізге қатысты болмақ. Сондай-ақ Мемлекет басшысының зейнетақы қорындағы жеткіліктілік шегінен асатын жинақты «Отбасы банкіне» аударуға рұқсат беру керек деп санайтыны ерекше маңызға ие. Президенттің алға қойған жаңа мақсаттары бізге стратегиялық міндеттерге сәйкес, шекара маңындағы аумақтар мен бұрынғы аудан орталықтарын дамытуды ескере отырып, облыстың даму жоспарын айқындауға мүмкіндік береді, – деді Даниал Ахметов. Оның айтуынша, бизнесті кеңінен қолдау бойынша жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.

Соңғы 2 жылда өңірде 3 мыңға жуық жобаны іске асыруға мемлекет тарапынан 5,4 млрд теңге бөлінген.

– Білікті мамандар дайындалмақ «Қасым-Жомарт Кемелұлы IT-секторды жас әрі ынталы кадрлармен күшейтуді, кемінде 100 мың жоғары білікті маман дайындауды тапсырды. Осы мақсатта облыста IT-мамандықтар бойынша гранттар санын жыл сайын 10 пайызға арттыру қажет. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының базасында халықаралық стандарттар бойынша бағдарламалау кабинеттерін ашу керек», - деді өңір басшысы.


Өз сөзінде ол Шығыс Қазақстанда аталмыш саланы дамыту үшін бірқатар шара атқарылып жатқандығын айтты. «Мәселен, бүгінде облыста ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталық жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде, жыл басынан бері 6 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыс ашылып, 1,3 млрд теңге айыппұл өндірілген» деді Даниал Ахметов. Осылайша, облыста Президент тапсырмаларын іске асырудың жолдары айқындала бастады. Енді бағыттың дұрыстығын, жұмыстың нәтижелігін уақыт көрсетеді.

 

Рекомендовать
Последние новости