Даниал Ахметов: Берелде дала амазонкалары жерленген

Dalanews 10 авг. 2017 04:12 734

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Берел жазығындағы №5 қорғанды аралап көрді. 

Қорғанда профессор Зейнолла Самашев бастаған ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Зейнолла Самашевтың айтуынша, жақын күндері қорғаннан ақсүйек әйелдің тоны, белбеуі, аттың қалдықтары мен әбзелдері табылғандығын айтты. Ол ІІІ ғасырдың басы – ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген болуы мүмкін.

20170810021822

Зейноллы Самашевпен бірге 7-метрлік қорғанға түсіп, онда табылған ежелгі жәдігерлермен жан-жақты танысты. «Жерленген әйел қабірінде қанжар табылды. Бұл әйелдің жауынгер болғанын дәлелдейді. Ежелде әйелдер ерлерімен бірге жауға шапқан. Олар жауынгер, дала амазонкалары болған. Оған мысалдар жетерлік. Ұзаққа бармай-ақ тарихта өзінің орны бар, осы аумақта мекендеген Тұмар ханшайымды алуға болады. Бір-біріне жақын жатқан қорғандарда жауынгер әйелдердің жерленуі кездейсоқтық емес. Алтын ғасырда өмір сүрген әйелдер ерлерімен тең құқылы болып, маңызды шешімдерде олардың дауысы есепке алынған», – деді Даниал Ахметов.

20170810021710

Былтыр Берел жазығындағы № 2-ші қорғаннан өзі өмір сүрген заманда өте құрметті болған адамның мүрдесі мен алтынмен апталған 7 ат табылған еді. Одан бөлек сақ патшаларының 100-ден астам қорғаны шоғырланған.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Рекомендовать
Последние новости