Даниал Ахметов: "Арыстағы 541 ғимаратты бір айда қалпына келтіреміз"

Dalanews 03 июл. 2019 17:19 817

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов БАҚ өкілдерімен кездесіп, өңірдің Арыстағы жарылыстан зақымданған ғимараттарды қалпына келтіруге атсалысатынын айтты.

"Біз, Шығыс Қазақстан бір айдың ішінде Арыс қаласындағы 541 ғимаратты қалпына келтіреміз.

Бүгінде 522 үйдің 6 тұруға мүлдем жарамсыз. 12 баспананы қайта қалпына келтіру керек. Кеше мен 60-тан астам үйдің жағдайымен таныстым. Қазір Шығынды бағалау және ауқымын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Өңірдің 25 құрылыс компаниясы іске кірісуге дайын екендіктерін жеткізді. 140 адам жұмысқа кірісіп кетті. Жақын арада үйдің төбесі мен терезелерін жөндейтін 200-ге жуық қосымша маман жолға шығады. 10 шілдеге дейін қосымша 50 мың шаршы метр шатыр жабындыларын жібереміз", – деді аймақ басшысы.


Қазіргі таңда аймақтың ірі кәсіпорындары және тұрғындарының қолдауымен 168 миллионнан астам теңге жиналған. Бүгін ғана облыс орталығынан 200 тоннадан астам гуманитарлық жүк жөнелтіледі.


Бұдан бөлек, ШҚО Арыстың 300 баласын қабылдайды. Олардың демалыстарын ұйымдастыру қала мен аудан әкімдіктерінің есебінен жүргізіледі.


 

 

Рекомендовать
Последние новости