Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысушыларға арналған ескерткіш ашылды

Dalanews 27 окт. 2018 11:56 981

Жеңіс саябағында Чернобыль  атом  электр станциясындағы апатты залалсыздандыруға қатысушыларға  арналған  ескерткіш ашылды.

Биыл Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың орын алғанына 32 жыл толып отыр. Дүние жүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың зардабын жоюға  800 мыңдай адам  қатысса, оның 32 мыңы қазақстандық еді.

ХХ ғасырдағы ең ауыр техногендік апатты ауыздықтауға Жамбыл облысынан 1200 жерлесіміз  қатысты. Олар өз денсаулығы мен өмірін құрбан ете отырып, радиацияның таралуына жол бермеуге ат салысты. Бейбіт күндегі ерлеріміздің ерен ерліктері мен өнегелі істері бүгінгі жас ұрпаққа үлкен өнеге. Өткенді ұмытпау – оларға құрмет көрсету өскелен ұрпақтың парызы.

Чернобыль атом электр станциясындағы апатты залалсыздандыруға қатысушыларға арналған  ескерткішті ашуға Қазақстан Республикасы Чернобль ардагерлері және мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі филиалының төрағасы Бақытжан Әшірбаев және Жамбыл облыстық Чернобль одағы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Владимир Хорошин шақырылды.

 

 

 

08 ИНФО

Рекомендовать
Последние новости