Бишімбаев тұтқындалды

Dalanews 10 янв. 2017 16:02 855

ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев ұсталды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап kaz.tengrinews.kz хабарлады.
«Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан», — деп хабарлады Антикоррупция қызметінің өкілдері.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, 29 желтоқсанда Тимур Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын. Оған дейін бұл министрлікті Қуандық Бишімбаев басқарған болатын. Ол бұл қызметте 8 ай ғана болған. Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметіне дейін «Бәйтерек» холдингін басқарған.

17 қарашада «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басшылары ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басшысының пара алу дерегіне қатыстысотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізген еді. Тергеу барысында «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Рекомендовать
Последние новости