Бишімбаев өмір бойына сотталуы мүмкін - адвокат

Көркем Алдабергенова 03 мая 2024 11:00 4105

Белгілі адвокат Джохар Өтебеков Бишімбаев пен Байжанов қанша жылға сотталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Адвокаттың сөзінше, Бишімбаев лайықты жазадан құтыла алмайды.

"Кемінде 20 жыл беріледі. 25 жыл да болуы мүмкін. Өмір бойына сотталуы да мүмкін. Байжанов 4 жылға сотталуы мүмкін", - дейді Джохар Өтебеков.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова Джохар Өтебековтің үстінен Қазақстанның адвокаттар алқасына шағым түсірген болатын.

"Бишімбаевтың анасы менің үстімнен арыз жазды! Ол адвокаттарының сұрақтарына сын айтқаныма шағымданған. Ал шын мәнінде оларды бүкіл ел сынап жатыр! Олар жақсылық пен зұлымдықтан асып түседі, заң мен моральдан алшақ. Бірақ Бишімбаевтар менен ғана кінә тауыпты. Бишімбаевтың анасы менің әлеуметтік желідегі жазбаларыма пікір жазушыларды бақыламайтынымды айтқан. Содан кейін Бишімбаевтар менің үстімнен жазған негізгі шағымға көшейін: "Мен судьяның әрекетін сынаған екенмін"! Бишімбаевтар судья Құлбаеваны неге сонша қорғап отыр? Олар оған неге сонша жабысып алған?" - деп жазды Джохар Өтебеков.

Адвокат сот отырысында қорғаушы тарап қаза тапқан Салтанаттың жәбірленуші ағасына қандай сұрақтар қойғанын еске алды:

Сіз қарындасыңыздың миында тесік бар екенін көрдіңіз бе және оның көзі ағып кеткен бе?

Ер адамдармен қарым-қатынаста Салтанат басым болды ма?

Сіз неге Салтанаттың басынан теуіп, жұдырықпен ұрмадыңыз?

Бишімбаевтың анасының жазуынша, Өтебеков жариялаған жазбаларда айыпталушының отбасын, адвокаттарын сынға алған.

Сонымен қатар, Джохар Өтебеков Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына қатысты пікір білдірген еді.

Джохар Өтебеков судья Айжан Құлбаеваның әрекеті дұрыс емес деп есептейді.

"Судья Салтанат Нүкенованың ар-ожданы мен абырой-беделіне нұқсан келетін сауалдарды қоюға жол берді. Марқұм болған адамның атына күйе жағып, қаралауға болмайды. "Ол ішімдікке құмар, отбасылық еркекпен жүрген, өзін агрессивті ұстайтын, үй шаруасымен айналыспайтын" тағысын тағы деген Бишімбаевтың портреттік суреттеме жасауы тым артық. Ал судья Бишімбаев пен оның қорғаушыларына осылай айтуға неге рұқсат беріп қойды?

Мұның бәрі алқа билердің көз алдына қайтыс болған жәбірленуші Нүкенованың жағымсыз образын қалыптастырып, Бишімбаевты "құрбан» қылып көрсетуі мүмкін. Бұл – судьяның қателігі. Кім болса да, адам өлтіруге қақысы жоқ.

1 сәуір күнгі отырыста алқабилердің жәбірленуші тарапқа қойған сұрағы да ақылға қонымсыз. Содан-ақ олардың Бишімбаевтың жағына шығып отырғанын байқауға болатындай. Жалпы, қылмыстық-процесуалдық заңының нормасына сәйкес, сот алқабилер алдында адамның жеке тұлғасына қатысты жайттар көтерілмеуі керек. Тек сол оқиға ғана талқылануы тиіс. Заң алдында, сот алдында адамның құқығы бірдей. Бишімбаевтың да бұл қайғылы оқиғаға дейін агрессивті, ішімдікке әуес, бұрын істі болғаны маңызды емес», – дейді заңгер Nege.kz сайтына.

Сонымен қатар, Өтебеков Бишімбаевқа қатысты сот отырысын онлайн көрсетудегі басты мақсат не екенін айтты.


Рекомендовать
Последние новости