Бишімбаев ісі: Судьяға байланысты жаңа дерек белгілі болды

Қаракөз Амантай 21 авг. 2024 11:40 3547

Жоғарғы сот төрағасының судьясы Елена Максюта экс-министр Қуандық Бишімаевтың ісінде судьяны компьютер таңдағанын атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Механизм бойынша, адамдардың араласуынсыз бәрін компьютер таңдайды. Бұл жерде судьяның жүктемесі есепке алынады, сөйтіп автоматты түрде таңдалады", - деді ол.

Ал судья Айжан Көлбаева бұл іс көпшіліктің талқысына түсіп, үлкен резонанс тудырады деп ойламаған.

"Дәл бұлай болады деп ойламадым. Әдеттегідей процеске баладым. Бұл менің бақылауымда болған ең қиын іс деп айта алмаймын. Әлеуметтік желіде маған қатысты пікірлер жазыла бастағанда таңғалдым", - деді Айжан Көлбаева.


Рекомендовать
Последние новости