Билайнның жаңа қожайыны... Елдегі Ресей арналарына тықыр таяды

Dalanews 04 мая 2023 10:27 1354

Қазақстандағы Beeline енді Ресейге бағынбайтын болды. Ресейлік "Вымпелком" Қазақстандағы Билайнның 75% акциясын нидерландтық VEON телекоммуникациялық холдингіне 611,2 миллион долларға сатты, – деп хабарлайды Dala Inside.

Бұған дейін, 2022 жылдың күзінде қазақстандық Beeline өз кабельді жүйесінен (BeeTV) ресейлік пропагандистік телеарналарды өшіргенде, РФ президент әкімшілігіндегі шенеуіктер Вымпелком басшылығына қоқан-лоққы көрсетіп, Beeline тез арада өшкен арналарды эфирге қайтарған болатын.

Енді Ресей олай істей алмайды. Оның біздегі Beeline компаниясына еш қатысы жоқ. Біздегі Билайнның 75% акциясы VEON холдингінде, 25% акциясы Болат Өтемұратовтың қолында.

Beeline шынымен де жарқын жаққа өтті. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, жаз айларында VEON Beeline пакетінен Ресей телеарналарын алып тастау бойынша бастама дайындайды. Оған Болат Өтемұратов келісім берсе болғаны.


Болат Өтемұратовтың саяси көзқарасы әлі күнге дейін құпия болып келе жатыр.

Ол астыртын Путин мен Кремльді қолдай ма, жоқ әлде соғысқа қарсы ма, ол жағы белгісіз. Бірақ оған бәрібір позициясын білдіруге тура келмек.

Жазда Beeline кабельді жүйесінен Ресейдің пропагандистік арналары жоғалып кетсе, онда Болат Жәмитұлы да жарқын жаққа ауысты деп түсінетін боламыз.

 

➡️ Путиннің көңіліне қарап 3 жылда 15 миллиард теңге шығынға батыптық. Қызықсаңыз толық ақпарат сілтемеде:

https://t.me/dalainside/1141 

https://dalanews.kz/kogam/88910-qaisar-askeri-patriottyq-oyyndarynyng-aq

 

https://dalanews.kz/minez/88893-huawei-gartner-peer-insights-khalyqaralyq-reytingide-klien

 

Рекомендовать
Последние новости