БИЛ мектептерінде оқушылармен қатар ата-аналарды да оқытады

Dalanews 10 нояб. 2023 05:47 1186

Бүгін Астана қаласындағы «Нұр Орда» мектеп-лицейінде БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорының 30 жылдығы аясында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті.

Журналистерді алдымен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Ермаханұлы қабылдап, қордың атқарып жатқан жұмыстарымен жақынырақ таныстырды.

«“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорына биыл 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыс аз емес. Оның бірқатарына өздеріңіз де куә болып жүрсіздер. Осы уақытқа дейін лицей оқушылары халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиада мен жоба жарыстарынан 4558, республикалық деңгейде 5142 және облыстық деңгейде 17893 медаль иеленді.

Бұл біздің ғана емес бүкіл елдің мақтанышы», - деді қор басшысы Дархан Өте.


Сонымен қатар, БИЛ ұстаздары мектептерінің ата-аналармен әрдайым тығыз байланыста және олардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру үшін түрлі дамыту жұмыстары жүргізілетінін ерекше атап өтті.

«Мектептерімізде оқушылармен қатар ата-аналармен де жақсы байланыс орнаған. Мәселен, ата-аналарға аспаздық үйірмесі, спорттық іс-шаралар, саяхат және жеке дамуға арналған түрлі тренинг-семинарлар ұйымдастырылып отырады. Сондай-ақ олардың бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында «Ата-аналар академиясы», «Әкелер кеңесі», «Аналар алқасы» құрылған», - Дархан Ермаханұлы.

Бұдан бөлек, журналистер «Нұр Орда» мектеп-лицейінің, “Spectrum” халықаралық мектебінің және "Білім-инновация" лицейін аралап, жақынырақ танысты.

Айта кетейік, “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қорына 32 "Білім-инновация" лицей-интернаты, 1 колледж; “Spectrum” халықаралық бала бақшасы, 8 жеке меншік мектеп, 2 халықаралық мектеп (Кембридж бағдарламасы), SDU University білім ұялары кіреді.

 

 

Рекомендовать
Последние новости