Биыл ШҚО-да 1250 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

Dalanews 20 дек. 2021 15:46 782

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларды қолдау жүйелі түрде жүзге асып келеді. Мемлекеттің көпбалалы отбасыларды адресті көмегі өңірдегі көпбалалы отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсартуға айтарлықтай септігін тигізген, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Бүгінде өңірдегі көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп формасы, аяқ киіммен және мектепте тегін тамақпен қамту ісі толықтай жүзеге асып отыр. Сонымен қатар көпбалалы отбасылардың мектеп жасына толмаған балалары балабақшаға барған жағдайда олар ақы төлеуден толықтай босатылады.

Ал кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде тәлім алып жатқан балалары тегін тамақ пен жатын орынмен қамтылып отырғанын атап айта кетуіміз керек.

Бұдан басқа кәсіпкерлікпен айналысауға ықыласы ауған көпбалалы отбасыларға 555 млн теңге көлемінде жеңілдетілген шағын несиелер қарастырылған. Биыл осы несиені алуға көпбалалы отбасылардан 124 өтінім келіп түскен.


Бұдан басқа Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту ісі де сәтті жүзеге асуда. Осы уақытқа дейін өңірдегі 2875 көпбалалы отбасы баспанаға ие болғаны сөзімізге дәлел болады. Олардың 1250-і үстіміздегі жылы баспаналы болған. Жалпы, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту ісін облысы әкімі Даниал Ахметовтың жеке бақылауында.

– Жыл аяғына дейін өңірде 1250 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Кезекте тұрғандардың саны жыл сайын артып келеді. 2017 жылдан бастап баспана алу кезегі 4 есеге өсті. Көпбалалы отбасылардың тұрғын үй алу кезегін 2022 жылға дейін жоюды жоспарлап отырмыз, – деді Даниал Ахметов.

Осылайша Даниал Ахметов облыс аумағындағы көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін толықтай шешуді көздеп отыр.

Рекомендовать
Последние новости