Биыл Қазығұрт ауданында 94 жанұялық сүт фермасы ашылды

Dalanews 03 нояб. 2018 16:02 1179

Бүгінде Қазығұрт ауданында дәндік жүгеріден 2570 тонна, көкөністен 51500 тонна, бақшадан 14200 тонна, ақтүйнек 8300 тонна  өнім жиналды. Ал масақты дақылдардан 103 052,3  тонна өнім жиналып, бидайдың орташа өнімділігі 24,5 центнерге артқан.

Тамшылатып суғару әдісі қосымша 500 гектарға  ендіріліп, оның жалпы көлемі 2998,7 гектарға жетті.

26,3 гектарға қосымша жылыжайлар ұлғайтылып, оның жалпы көлемі 127,3 гектарға жетті. Осы жылыжайлардан жыл бойына 38,1 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды.

Жыл басынан фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 41 жобаға 198,2 млн. теңге несие берілгенін айта кетуіміз керек.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жұртшылық табынға асыл тұқымды бұқа» бағдарламаларының аясында 2611 мал басы сатып алынып тапсырма артығымен орындалды. 2018 жылдың 10 айында ауданда 9050 бас мал бордақыланып, 18 164,6 тонна ет өндірілді.

Шағын жанұялық сүт фермаларын ашу бойынша бүгінгі таңға 94 ферма ашылып, алға қойылған мақсаттар 103,3 пайызға орындалды.

Аудандағы Мал шаруашылығына тоқталатын болсақ, өткен жылдарға қарағанда мал басы айтарлықтай 5,6 пайызға өсіп, атап айтқанда, ірі қара мал басы 68,3 мың басқа, қой-ешкі 346,2 мың басқа, жылқы 30,8 мың басқа, құс 75,1 мың бірлікті құрады. Мал бордақылау алаңдар саны 392 бірлікті құрап меже 103,0 пайызға орындалды.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости