Биыл Ленгер қаласында 480 пәтер пайдалануға берілмек

Dalanews 27 мая 2017 16:05 1136

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласында алдағы қыркүйек айында  480  пәтерлік 8 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бұл мақсатқа облыстық бюджет есебінен 2 млрд 735 млн теңге бөлініп отыр. Қазір мұнда 8 үйдің қыш қалау жұмыстарымен қатар, ішкі электр жүйесін тарту және ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп жатыр.

− Былтырғы жылы облыстық бюджет есебінен 180 млн теңге бөлініп, жер қазу, құрылыс монтаждау жұмыстары басталған болатын. Ал биыл қалған 2 млрд 555 млн теңге бөлініп құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде.  Тұрғын үйлердің құрылысын ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 480 жанұя пәтермен қамтамасыз етілетін болады , − дейді Төлеби аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Шыңғыс Сейітов.

Бұл үйлер коммуналдық меншікке алынып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілетін болады. 8 үйдегі пәтерлердің жалпы аумағы 29 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда пәтерлер 1, 2,3 бөлмелі болып бөлінеді. Тұрғын үйлер аумағын абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 50 млн теңге бағытталмақ.

Бұдан бөлек, осы мөлтек ауданда 5 қабатты  40, 20 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл екі нысан құрылыстары 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости