БҰҰ Қазақстанға Рим статутын ратификациялауды ұсынды

Қаракөз Амантай 22 янв. 2025 15:01 253

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанға Рим статутын ратификациялауды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Адам құқықтары жөніндегі кеңес, Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен арнайы баяндамашылар Рим статутын ратификациялауды ұсынды”, – деп көрсетілген БҰҰ Бас ассамблеясына арнап Қазақстан бойынша дайындалған Адам құқықтары жөніндегі кеңестің жұмыс тобының баяндамасында.

Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) Рим статуты – бұл халықаралық келісім, ол ХҚС-тың қызметін және адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар, геноцид пен агрессияға қатысты юрисдикциясын реттейді. Егер ел Рим статутын ратификацияласа, ол оның нормаларын сақтауға және ХҚС-пен ынтымақтасуға міндетті.

Егер Қазақстан Рим статутын ратификацияласа, оның 59-бабына сәйкес, Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасы аумағына келген сәтте оны қамауға алуға міндетті болады. Бұл талап 2023 жылдың наурыз айында ХҚС-тың Путинге қатысты қамауға алу ордерін шығарғанына байланысты туындады. Содан кейін Қазақстан оны халықаралық тергеу жүргізу үшін Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа тапсыруға міндеттеледі. Сонымен қатар мемлекет басшыларына берілетін иммунитет ХҚС шешімдеріне таралмайды, ал Рим статутының нормаларын орындамау, оны ратификациялаған ел үшін халықаралық санкцияларға алып келуі мүмкін.

Бұған дейін KazTAG агенттігі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмыс тобы дайындаған БҰҰ Бас ассамблеясына арналған баяндамада Қазақстанда адам құқықтарын бұзғандарға жазасыздық қалыптасып отырғаны туралы пікірді келтірген еді.

Сонымен қатар бұл БҰҰ тарапынан ұсынылған жалғыз баяндама емес. Сынау бағытындағы көптеген пікірге қарамастан, аталған баяндамаларда Қазақстанда адам құқықтары саласындағы оң өзгерістер мен ел билігінің бірқатар ұсынысты орындағаны да аталып өткен.


Рекомендовать
Последние новости