Экс-депутат Қарағұсованың қызы ғарышқа ұшып, аман-есен жерге оралды

Көркем Алдабергенова 09 окт. 2025 09:26

Кәсіпкер Данна Қарағұсова ғарышқа турист ретінде ұшып келді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Данна Карагусова Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранымен ғарышқа ұшты.

Қазақстандық Данна Карагусова Blue Origin компаниясына тиесілі New Shepard зымыранымен суборбиталық ұшуды жүзеге асырды. Ұшу бейнежазбасы компанияның YouTube арнасында жарияланды.

Бұл Blue Origin компаниясының New Shepard бағдарламасы аясындағы 15-ші адам қатысқан ұшу.

Экипаж құрамы

Карагусовадан бөлек экипаж құрамында Джефф Элджин, Клинт Келли III, Уилл Льюис, Аарон Ньюман және Виталий Островский болды.

Миссияның ерекшелігі

NS-36 миссиясы New Shepard бағдарламасындағы 15-ші пилоттық ұшу болып саналады. Осы уақытқа дейін New Shepard кемесі ғарышқа жалпы 86 адамды ұшырған.

Blue Origin компаниясының алғашқы суборбиталық ұшуы 2021 жылдың 20 шілдесінде өтті. Сол сапардың қатысушыларының бірі Amazon және Blue Origin компанияларының негізін қалаған америкалық миллиардер Джефф Безос болған.

Ұшу деректері

Экипаж отырған капсула Жер бетінен 106 шақырым, яғни теңіз деңгейінен 107 шақырым биіктікке дейін көтерілді. Ұшу миссиясының жалпы ұзақтығы 10 минут 21 секунд болды.

Айта кетейік, БАҚ мәліметтерінше, ғарыш туризмінің құны шамамен 250 мың АҚШ доллар. 


Рекомендовать
Последние новости