Мың теңгенің жаңа дизайны көпшілікке ұнамай қалды

Сағыныш Сардарова 09 окт. 2025 09:34

Әлеуметтік желілерде мың теңгенің жаңа дизайны көпшілікке ұнамай қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Желі қолданушылары Threads-та видео, сурет жариялады. Кадрларда жаңа 1000 теңгелік банкноттар бейнеленген.

Желі қолданушылары "3-5 жыл сайын дизайнды неге өзгерте береді?", "Цирктің билеті сияқты", "Неге үнемі дизайнды ауыстыра береді? Бұған не әсер етеді?" - деді.

Ұлттық банк жағдайға пікір білдірді.

1000 теңгелік мерейтойлық банкнота 2025 жылғы 9 мамырда айналымға шығарылған. Оның таралымы – 5 миллион дана.

Ұлттық банктің мәліметінше, банкнота дизайны Жеңіс күніне арналған.

"Отандастарымыздың ерлігі мен батырлығын еске алу белгісі ретінде банк осы мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарды. Ал түстеріне келсек, 1000 теңгелік банкноталардағыдай түс сақталған", – деді банк өкілдері.


Рекомендовать
Последние новости