Бұрынғы әйелін боқтап, көшеде қар күреп кетті

Dalanews 16 янв. 2023 04:44 889

Өскемен тұрғыны бұрынғы әйелін боқтағаны үшін қоғамдық жұмысқа жегілді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы 1-бөлігіне (қорлау) сәйкес кінәлі деп танылған.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 42 жастағы ер адам бейнебайланыс арқылы бұрынғы әйеліне қоңырау шалған.

Сөйлесу барысында оны қорлап, балағат сөздер айтқан. Әйел адам полицияға арыз түсірген соң іс сотқа жетті.

Өскемен қалалық №2 соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы 1-бөлігіне (қорлау) сәйкес кінәлі деп таныды.


Сотталушы жәбірленушіге 100 мың теңге мөлшерінде моральдық залал төлеп, қоғамдық жұмысқа жегілді.

– Сот шешімімен айыпталушы қала аумағында 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, көшені қардан тазалайды. Қазіргі уақытта ол Өскемендегі негізгі көшелерде жұмыс істеп жүр, – дейді Өскемен қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Сымбат Ботаев.

Рекомендовать
Последние новости