Бұландыдағы былық: Ішкі істер бөлімінің қызметкері қамауға алынды

Қаракөз Амантай 05 февр. 2024 14:12 3388


Көкшетауда Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарлауынша, сот қаулысымен «Д-ға» қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы екі ай мерзімге санкцияланды.



“Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары “Д.” жеке меншікке қарсы ауыр қылмыс (ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы “Алаяқтық”) жасады деген күдікке ілінді”, - деп хабарлады Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты.



Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.



Рекомендовать
Последние новости