БҚО-да заңсыз қару мен есірткіні сақтаған 2 адам ұсталды

Ақтоты Жапатова 06 авг. 2025 13:19

БҚО полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Сырым аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 2 ауыл тұрғыны қару мен есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін ұсталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Олардың біреуінен тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 6 оқ-дәрі, қорада жасырылған жасыл түсті, ұнтақталған өсімдік тектес (есірткіге ұқсас) 500 грамнан астам зат, қолданылған 6 шприц пен пластик бөтелке табылды.

Екіншісінің үйінен газетке оралған өсімдік тектес зат, ауласынан тағы 3 пакет, өсімдік заты бар 3 шприц, есірткіні дайындауға және тұтынуға арналған арнайы құрылғылар шықты.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық тәркіленген затқа сот-химиялық және баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта есірткі заттарының шығу көзін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.


Рекомендовать
Последние новости