БҚО-да телеграм арқылы есірткіні насихаттап жүргендер ұсталды

Көркем Алдабергенова 21 окт. 2024 16:22 3828

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы есірткіні телеграм арқылы заңсыз насихаттап жүргендерді анықтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Қазақстан Республикасы Президенті мен Бас Прокурорының тапсырмаларын орындау аясында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында белгісіз тұлғаның облыс аумағында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды жарнамалау және сату бойынша үгіт-насихат мақсатында жасаған телеграм-арналарын анықтады.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды анықтау мақсатында облыстық прокуратураның қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады жәнеодан әрі тергеу үшін полицияға жолдады.

Нәтижесінде есірткіні тікелей жарнамалайтын 3 чат бұғатталып, кінәлілер анықталуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


Рекомендовать
Последние новости