Батыс Қазақстан облысындағы Достық ауылында (бұрынғы РТС) 21 маусымда 22 жастағы полиция қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Мой город” басылымының мәліметінше, жас жігіт өз-өзіне қол салған. Ол өз үйінде асылған күйінде табылған.
БҚО полиция департаменті бұл қайғылы жағдайды растады. Аталған оқиға бойынша өз-өзіне қол жұмсау дерегі тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.