БҚО-да лауазымды тұлғалардың былығы әшкере болды

Көркем Алдабергенова 08 нояб. 2024 16:00 3491

Прокурорлық ден қою шараларымен мердігерден 10 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасымен мектепті жөндеу мерзімінің бұзылуы анықталды.

Мердігер тарапынан міндеттемелерді орындамауына байланысты прокуратураның ұсынуы бойынша білім беру бөлімі сотқа өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінді.

Сот талап-арызды қанағаттандырып, мердігерден мемлекет пайдасына 8 млн теңгеден астам және 1 млн 700 мың теңге сомасында тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Осы және басқа да бұзушылықтар білім беру ұйымдарындағы тексеру нәтижелері бойынша жойылды.

Бұдан бөлек прокуратураның қадағалау актісі бойынша 2 мыңнан астам маман міндетті медициналық тексеруден өтті.

Сондай-ақ қауіпсіздік мәселелерімен байланысты бірқатар мәселелер шешілді: балабақшалардағы бейнебақылау камералары мен ойын алаңдары жөнделді, ғимаратты жылытуға арналған жабдықтар сатып алынды, 4 балабақшаның пандустары жөнделді және 5 мектепте пандустарды жөндеуге қаражат бөлу мәселесі шешілуде.

Кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселе қаралуда.


Рекомендовать
Последние новости