БҚО-да кезекте тұрған тағы 12 ауыл тұрғыны баспаналы болды

Жарбол Кентұлы 14 окт. 2024 11:13 2591

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 12 ауыл тұрғыны баспаналы болды. Тұрғындарға жаңа үйлердің кілттерін облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыстады.

Жаңақала ауданың тұрғыны, көпбалалы ана Маржан Шамелова бірнеше жыл бойы үй кезегінде тұрған.

– Көптен күткен үйімізге қол жеткіздік. Жаңа, кең, жарық баспанаға бала-шағамызбен кіріп, қуанып отырмыз. Ауылымыздың да сәні кіріп, жаңа үйлер салынып жатыр. Мемлекет басшысына қарапайым ауыл тұрғындарына көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз, – деді ол.

Биыл Батыс Қазақстан облысының 50-ден астам ауылдарында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 758 үй салынуда. Осы үйлердің үйдің 400-ге жуығы табысталды. Қалғаны жыл соңына дейін беріледі.

Жаңақала тұрғындарын қуанышқа бөлеген тағы бір оқиға аудандық аурухана ұжымына «Жедел жәрдем» көліктерінің тапсырылуы болды. Атап айтқанда, Мәстексай, Жаңажол, Пятимар, Қызылоба ауылдарының фельдшерлік пункттеріне осындай 4 көлік жол тартты. Жалпы, БҚО-ның ауыл-аймақтарына өткен жылы 67, ал биыл 23 медицина көлігі беріліп отыр.

 

Өңір басшысы жаңақалалық шаруа баққан ағайынмен жүздесіп, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен бірге, ауылішілік жолдардың және Жаңақала – Жаңақазан автомобиль жолын салуға жауапты мердігер «Uniserv» ЖШС басшысы Дінмұхаммед Қайратұлына жұмыстың баяу жүріп жатқандығын айтып, қатаң ескерту жасады.


Рекомендовать
Последние новости