БҚО-да жарты жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы 317 шара өткен

Dalanews 19 июл. 2017 04:59 728

Кеше Батыс Қазақстан облысы коммуникациялар қызметінің алаңында кезекті брифинг өткізілді. Оның жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов қатысты.

Брифингте аталмыш департаменттің алғашқы жартылдықтағы жұмысы жөнінде толыққанды мәлімет берілді. Болат Әлмұханұлының айтуынша, күні бүгін облыстағы 461 мемлекеттік органда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 4148 адам. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Б» корпусының 3097 мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау жүргізілген. Қызметшілердің 105-і немесе 3,4%-ы «өте жақсы» бағасын, 2521-і немесе 81,4%-ы «тиімді» бағасын, 471-і немесе 15,2%-ы «қанағаттандырарлық» бағасын алған. Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі Кеңестің 6 отырысы өткізіліп, онда 47 мәселе қаралған. Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 21 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған.

Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының себептері мен жағдайларының азайту болып табылады.
"2017 жылдың 1 жартыжылдығында департамент қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша 32 мың адамның қатысуымен 317 шара өткізді" деді өз сөзінде Б.Исақов.
Брифингке келген БАҚ өкілдері өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.

 

 

Рекомендовать
Последние новости